2019 жылдың 26 ақпанында Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде тұңғыш бірлескен «Еліктіретін Шығыс Қазақстан, тамаша Қытай» мәдени-тарихи көрмесі өтті. Бұл шара қытай туроператорлары үшін Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін таныстыру мақсатында өтті.

 

Кездесуге 15 ірі қытайлық туристік компания қатысты. Шығыс Қазақстан тарапынан «Amazing Zaisan Travel», «А-тур», «Palma Tour» турагенстволары, «Алтайские Альпы» шаңғы тебу курорты, «Аюда», «Климовка» демалыс базалары, «Изумрудный» санаториясы, «Баян» емдеу-сауықтыру кешені, Катон-Қарағай және Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Марқакөл және Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары таныстырды.

 

Біздің мекемеден қорық туралы жалпы ақпаратты бар үлестірме  материалдар  және оның көрікті жерлері мен экотуристік бағыттары ұсынылды.

 

Біздің қорық шетелдік туристерді қабылдауға және оларды Кенді Алтайдың әсемдігімен таныстыруға дайын.