Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына кіреді. Қорық аумағын күзету табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметі бөлімінің тікелей міндеті. Бөлім мемлекеттік инспекторлар мен өрт күзетшілерден құралады. Олар 15 күн бойы қорықтың аумағында мемлекеттік инспектордың міндеттерін атқарады, өз айналымдарында бақылау жұмыстарын жүргізеді. 31 қаңтарда жұмысқа кіріспес бұрын табиғат қорғаушылардың сап түзету іс-шарасы өтті.
Іс-шара қызмет барысында тәртіпті, жауапкершілікті және әрдайым сергек болуға негізделді, оны «БАМТҚ» РММ директоры Қуаныш Зайнолдаевич Тенкебаев өткізді . Сондай-ақ, хаттама-құжаттары, ЕҚТА заңдарын білімі, қару қызмет алып жүруге рұқсаты, және қызметтік куәлік тексерілді, бұл құжаттар үнемі мемлекеттік инспекторлармен бірге болуға тиіс.
Іс-шарадан кейін табиғат қорғаушылары қақаған сібір қыс мезгілінде 15 күндік қызметтеріне аттанды.