Халықаралық мұражайлар күні күнтізбеде 1977 жылы Халықаралық
мұражайлар кеңесінің кезекті отырысынан кейін пайда болды. Бұдан
былай 18 мамыр әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіледі. Батыс
Алтай қорығының табиғат мұражайы үшін де бұл күн ерекше
маңызды. Оның әр келушісі экскурсиялар мен дәрістерден көптеген
әсер алады, қорғалатын қиырлар ахуалына және қылқан жапырақты
ормандардың тыныштығына енеді. Көркем табиғи суреттер мен тайга
кеңістігіндегі фауна өкілдерінің тұлыптар топтамасы мұражайдан
шықпай-ақ Батыс- Алтай таулары бойынша саяхат жасауға мүмкіндік
береді.
Батыс-Алтай қорығының табиғат мұражайы Сіздерді жаңа ашылулар
мен Қазақстан Республикасының әрбір азаматының басты байлығын -
таза көлдерді, қалың ормандарды және ағыны қатты өзендерді
қорғау мен сақтау туралы қызықты әңгімелер үшін күтеді!
Табиғат мұражайының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-Жұма
8: 00-ден 17: 00-ге дейін
Түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін
Кіру тегін.