Жыл сайын мамыр айының үшінші жұмасында бүкіл әлемде мыңдаған
адамдар жойылып бара жатқан түрлер күніне қатысады, жойылып кету
қаупі төнген түрлер күнін атап өтеді, оларды таниды және
қорғауға әрекет қылады. Бұл жаһандық әрекет және мереке күнін
Дэвид Робинсон және жойылып бара жатқан түрлер коалициясы 2006
жылы құрды және сол кезден бастап жалғасуда.
Батыс Алтай қорығында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына
енгізілген бір сүтқоректі, бір балық, 6 құс және 27 өсімдіктер
мекендейді.
Неліктен жойылып бара жатқан түрлер туралы есте сақтау маңызды?
Себебі біз олармен бір уақытта өмір сүретін соңғы адамдар
болуымыз мүмкін. Біз жойылып бара жатқан түрлерді толық жойылып
кетуден сақтауымыз керек. Адамдар, жойылып бара жатқан түрлерге
қамқорлық жасаңдар, ғаламшарды өлімнен сақтаңдар.