2022 жылдың 13 мамырында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
РММ қызметкерлері "Бұлақ көрсең көзін аш" акциясын
өткізді. 2 бұлақ қоқыстан тазартылды:
- Алтайға барар жолда 19 км-да;
- «Қара Оба» кордонында.
Алғашқы бұлақ орналасқан жер өте әдемі, бірақ өте ластанған,
сондықтан көп еңбектенуге тура келді. Инспекторлар қолғаптармен
және қоқысқа арналған қаптармен қаруланып, көлемі 20 литр
болатын 2 қап қоқыс жинады. Акция барысында шыны, сыра
бөтелкелері, кәмпит, темекі қораптары және басқа да тұрмыстық
қалдықтар көп жиналды.
Олар қуана еңбек етті және соңында: "Бұлақ өмір сүр!"
- деп тіледі. Бұлақ – бұл таза су, бұл денсаулық. Біз мұздай
судың қалай аққанын қызыға тамашаладық. Біздің жұмысымызды еске
алу үшін керемет көңіл-күй мен фотосуреттер қалды. Бұлақтар,
әрине, таза және жайлы болды.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Эктова Т.В. дайындады