«Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығы » РММ орналасқан жер көлемі таулы аймақты қамтитын болғандықтан, жауын-шашын мөлшерден көп түседі. Көктем айларында қыста қардың көп түсуіне байланысты, кордондардың арасындағы арнайы жолдар күрт бұзылады. Сондықтан кордондарды байланыстыратын жол болу үшін қорықтағы ДТ-75 тракторының күшімен жолдар қардан тазартылды.