1 мамыр мерекесі күні Батыс-Алтай мемлекеттік қорығының табиғат мұражайында ашық есік күні өтті. Мұражайға келушілер ерекше көрікті жерлермен және экологиялық-туристік маршруттармен танысты. Барлық келгендерді «Парктер шеруі – 2022» акциясының шығармашылық байқауларына қатысуға шақырдық. Келушілер табиғат мұражайына ерекше таңданды және келгендеріне риза болды, сонымен қатар жақын арада Батыс-Алтай қорығына баруға ниет білдірді.