2022 жылдың 1 сәуірінде Халықаралық құстар күнінде «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғат мұражайында «Құстар үйі» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Олар Риддер қаласының мектептері мен балабақшаларының оқушылары болды:
І орын - Смирнягин Михаил - №3 ОМ, 1" В", 7 жас;
ІІ орын - Остроумов Лев-УВиОЦ, "Улыбка", 5 жас;
Ступаков Ростислав - №3 ОМ, 1" В", 7 жас;
ІІІ орын - Шутеева Лилия - №3 ОМ, 1" В", 7 жас,
Прокопьев Матвей - УВиОЦ, "Сказка" тобы, 5 жас,
Қайсанова Аружан - №16 ОМ, 5 "Ә", 12 жас.
Балалар барлығы 13 құс үйін жасады. Алты бала мадақтамамен және сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, қорықтың Табиғат мұражайында балалар мен олардың ата-аналарына «Парктер шеруі 2022» табиғатты қорғау акциясы аясында өтетін құстар, маршруттар, шығармашылық байқаулар мен акциялар туралы айтылды.