Құрметті Риддер қаласының тұрғындары! Мәдениет сарайында «Парктер шеруі – 2022» халықаралық экологиялық акциясы аясында Батыс-Алтай қорығының мамандары #AltaiPhotoLife фотобайқауының көрмесін ұйымдастырды.
Фотобайқауды ұйымдастырушы Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі болды, көрме Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркінің 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. «#AltaiPhotoLife» фотобайқауы қоршаған ортаға қамқорлық идеясын насихаттау, қоғам назарын адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелеріне аудару, табиғи әртүрлілікті сақтау, табиғатты, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) сақтауға бағытталған іс-шараларды қолдау мақсатында өткізілді.
Көрменің ашылуы 11 наурызда өтті. Фотокөрмені сейсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін тамашалауға болады.
Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін