2023 жылдың 21 ақпанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экскурсоводы Д.Матков «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы» КММ 6 сынып оқушыларымен зум платформасы арқылы онлайн дәріс өткізді. Дәріс Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы туралы жалпы мәлімет, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктер, фототұзақ көмегімен жануарлар дүниесін қорғау және зерттеу тәсілі тақырыбында болды.