Мияжапырақты таспа (лат. Astragálus glycyphýllos) – таспашөп тұқымдасының көпжылдық шөптесін өсімдік түрі.
Бұл өсімдіктің биіктігі 45-90 см. Сабағы өрмелеп өсетін немесе иілген, ұзындығы 50-100 (150-ге дейін) см, жуан, жатаған, сирек және майда ақ үлпілдек, төменгі жағы тармақталған болып келеді.
Бұршақтар жоғары қарай шығып тұрады, бір-біріне жақын, сәл орақ тәрізді, ұзындығы 3-4 см, ені шамамен 4 мм, қалыңдығы шамамен 5 мм, сирек кішкентай ақ түктері бар, мұртының ұзындығы 3-4 мм, аяқ жағы 3-4 мм.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемістері маусым-шілде айларында піседі.
Дәрілік мақсатта мияжапырақты таспа шөптері жиналады. Жинау жаппай гүлдену кезеңінде, жемістер пайда болғанға дейін жүзеге асырылады. Жақсы желдетілетін жерлерде немесе шатырлар астында кептіріледі, жақсы ауа-райында шөп 5-7 күнде кебеді.
Мияжапырақты таспа шөптерінде флавоноидтар, аскорбин қышқылы, ақуыздар, майлар, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, алкалоидтар мен иілік заттектердің іздері бар.
Халықтық медицинада қайнатпалар жүйке және венерологиялық ауруларға, терінің қабынуы, ревматизмге, асқазан ауруларына қолданылады.
Қорықта ол Черная Уба өзенінің аймағында кездеседі.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Нұрахметова Ә.К. дайындады.
Сурет ғаламтор желісінен алынды.