«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мұражайында «Шыршаны
қорғайық және сақтайық» экологиялық акциясын дайындау және
өткізу бойынша үйлестіру кеңесі өтті. Бұл
акцияның мақсаты – балалар мен ересектерде экологиялық
мәдениетті, экологиялық сананы, айналамыздағы табиғатқа
жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Акция барысында
шешілген міндеттер – табиғатқа зиян келтірмей,
импровизацияланған құралдардан жаңа жылдық шыршаның баламалы
нұсқаларын жасау.
Кеңес жұмысына Риддер қалалық мәслихатының хатшысы, «Казцинк»
ЖШС, Риддер орман шаруашылығы, Батыс -Алтай қорығы, «Аманат»
партиясының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің мамандары, іскер
әйелдер кеңесінің төрағасы Боровая Н.А., БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналғандардың барлығы ормандарымызды сақтау, Қазақстанның
байлығын арттыру мақсатындағы акцияның маңыздылығы мен
қажеттілігін атап өтті. Орман қорын сақтаудағы көпжылдық
жұмыстың негізгі нәтижесі жаңа жылдық мерекелерде шыршаларды
кесуді қысқарту болды. Көбі тірі шыршаларды жасанды шыршаларға
ауыстырды. Ал бұл - 2000 жылдардың басында «Шыршаны қорғайық
және сақтайық» акциясын ұйымдастырған «Ақ-Кем-Риддер» ОМО
мүшелерінің еңбегі. Ол кезде, жаңа жылдық мерекелерден кейін
қоқыс жинайтын алаңшалар жай ғана тасталған шыршаларға толы
болатын.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы акция жыл сайын өткізіліп келеді,
бұл тек Риддер өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстан
Республикасының тұрғындары арасында дәстүрлі және сүйікті
іс-шараға айналды.
«Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы 05.12.2022 мен
26.12.2022 аралығында жалғасады.
Бағалау кезеңі 05.01-13.01.2023ж.
17.07.2023ж. бастап марапаттау (естелік сыйлықтар мен мақтау
қағазы)