Дюзьбаев Аян Каирканович 06.07.1979 жылы Шығыс
Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Парковая ауылында дүниеге
келген. 1986-1994 жылдары «Парковое орталау мектебінде» оқу
оқып, бітірді.
1997 жылдан бастап Глубокое ауданында «Фрунзенский» шаруа
қожалығында, 1999 жылы осы ауданның «Солнечный» кентінде ОХМК
ш/қ-да жұмыс атқарды.
2001-2011 жылдары аралығында Глубокое ауданы, Винное ауылында
«Возрождение» ш/қ-да, 2011-2013 жылдары аралығында «Ефимов»
ЖШС-де тракторшы болып жұмыс істеді. 2013-2016 жылдар аралығында
ШҚО, Риддер қаласындағы «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
РММ-де өрт сөндіру күзетшісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан
2022 жылға дейін «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де
мемлекеттік инспектор болып жұмыс атқарды. 2022 жылдың ақпан
айынан бастап өрт сөндіру станциясының бастығы лауазымына
ауыстырылды.
Дюзьбаев Аян Каиркановичке – «Биоәртүрлілік сақтау ісіне
қосқан үлесі үшін» ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту
саласындағы биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуді
қамтамасыз етудегі табыстары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы белсенді ынтымақтастық және ғылыми әзірлемелерді
енгізгені үшін ІІ дәрежелі медаль берілді.