Орман зиянкестері - ағаштар мен бұталардың әртүрлі мүшелерін
зақымдайтын организмдер. Нәтижесінде өсімдіктердің өсуі мен
жеміс беруі азаяды, өсуі баяулайды және ағаштардың өлуі де орын
алуы мүмкін. Орман зиянкестерінің басым көпшілігі жәндіктер
класына жатады, кенелер мен омыртқалы жануарлардың кейбір
түрлері, әсіресе кеміргіштер мен қоянтәріздестербіраз зиян
келтіреді. Орман фаунасының бөлігі ретінде зиянкестер орман
қауымдастығының бөлігі болып табылады. Табиғи өз қалпында
тепе-теңдігі бұзылмаған ормандарда олардың тіршілік әрекеті
қандай да бір деструктивті салдарға әкеп соқпайды және орман
өсімдіктердің тіршілігіне зиян келтірмейді. Бірақ орман
зиянкестері адамға орманды ұтымды пайдалануға кедергі келтіреді,
сондықтан оларды орман шарушылығының зиянкестері деп те
атайды.
Ағаш зиянкестерінің басым көпшілігі жәндіктер. Тіршілік ету
ортасына және қоректену сипатына, келтірілген зиянның сипатына
қарай орман зиянкестері бірнеше топтарға бөледі — сау
өсімдіктерге шабуыл жасайтын жапырақтар мен инелер зиянкестері
(инелер - және жапырақ кеміргіштер (бастапқы)); әлсіреген
ағаштарға шабуыл жасайтын д (қайталама); тамыр немесе топырақ
тіршілік ететін; жемістер мен тұқымдардың зиянкестері.
Материал дайындаған: инженер-орман патологы Косаев А.К.