Қабан – жұптұяқты, жылу сүйгіш қатыгез сүтқоректі, үй
шошқаларының арғы тегі. Қабан ормандарда, тауларда, саз
батпақтарда, тайгамен шөлейтті жерлердеде мекендейді. Ең бастысы
жақында өзен немесе су тоғандары болса болғаны. Олар топтасып
өмірсүреді және бұл үйірді аналық қабан шошқалар бастайды.
Денелерінің ұзындығы 175 см ге дейін, шоқтығына дейінгі биіктігі
1 м-ге дейін. Ересек қабандардың салмағы 100 кг-нан аспайды,
бірақта кей жағдайларда тіпті 150-200 кг-ға дейін жетуі мүмкін.
Бір жылда пайда болған кішкентай торайларының саны 4-6 дан 12
торайға дейін болуы мүмкін. Жер байлығының барлығымен дерлік
қоректенеді: тамырлар, өсімдіктер, жерге түскен ағаш немесе
өсімдік жемістері, құттармен жәндіктер тіпті олар етпенде
қоректенеді; егеуқұйрықтармен тышқандар , қоңыздармен жауын
құртын, жыландармен кішкентай кесірткелерді, өлекселердіде
жейді. Қабан шошқалардың аталықтарында өте әсерлі азу тістері
болады бұл тістерімен кез келген жануарды тіпті адамды
жарыптастауға дайын. Қабанның азу тістері өте мықты және өткір,
ұзындығы 23 см-ге дейін өсуі мүмкін. Ол тістерін өте шебер
пайдаланады. Кейде азу тістері жауларынан яғни аю, қасқыр
сілеусіннен қорғаныс ретінде қолданады. Сонымен қатар қорек
іздеуге осы тістері көмектеседі.Тістерін пайдаланып қорек іздеп
тұмсығымен жерді жұмсарта қазса бұл жұмысақ топыраққа түскен
өсімдік, немесе ағаш тұқымы тез өнуіне жағымды жағдай жасайды.
Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н. Фото авторы
А.А. Клименко