Сұр құр ( лат. Tetrastes bonasia ) –құрлар тұқымдасының тауық
тәрізділер отрятына жататын құс. Еуразияның орманды және
тайгалық белдеуінің барлық жерінде дерлік мекендейтін, Батыс
Еуропадан Кореяға дейін және Қазақстанда Алтайдың таулы
ормандарында және Қалбі Алтайының қарағайлы ормандарында
мекендейді. Ересек сұр құрдың ұзындығы 35-тен 37 см-ге дейін,
қанаттары 48-ден 54 см-ге дейін.Аталықтарының салмағы 327-ден
580 г-ға дейін, аналықтарының салмағы 305-тен 560 г-ға дейін
жетеді. Құстардың массасы жыл мезгіліне байланысты өзгереді,
қараша-желтоқсан айларында максималды салмаққа жетеді. Қыс
мезгілінде бұл құс салмағын жоғалтады, ал көктемде мөлшері
әлдеқайда кішірейеді. Сирек отырықшы мекендейтін құс. Ол
1450-1700 метр биіктікте шыршалы және шыршалы ормандарда өте
сирек кездесетін бұталы және биік шөпті өсінділері бар тығыз
аралас ормандарда өмір сүреді. Жеке жұп болып тіршілікетеді.
Ұяны қалың орманда, жерге бұтаның, ағаштың немесе мүктің
астындағы таяз шұңқырға салады, ұя шұңқырын шөп пен жапырақтар,
кейде жіңішке бұтақтармен көмкереді. Мамыр айының басында 6-10
жұмыртқа салады. Тек аналық құс жұмыртқа басып маусымның аяғында
- шілденің басында балапан шығарады.
Кейде еркек жақын жерде болады. Тамызда жас балапандар
ұшабастайды. Күз кезінде жұп түзеді, қыста құстар жұппен немесе
10-14 құсқа дейін топтасып бірге жүреді.
Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.