2023 жылдың 3 наурызындағы Дүниежүзілік жабайы табиғат күнінің тақырыбы – «жабайы табиғатты қорғау бойынша ынтымақтастық». Бұл ұран жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қабылдануының 50 жылдығына орайластырылған. Мерекенің мақсаты -жұртшылықтың назарын жабайы табиғаттың әсемдігі мен алуан түрлілігіне аудару және оған ұқыпты қараудың маңыздылығын тағы бір рет еске салу.