16.09.2022-24.09.2022 аралығында «А. Бөкейхан атындағы «Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлімінің кіші ғылыми қызметкері дәрілік шөптердің табиғи жағдайда өсу ареалын зерттеу, қорғалатын жерлердегі өсімдіктердің жаңа таксондарын зерттеу, дәрілік, хош иісті және тағамдық өсімдіктерді сақтау және тиімді пайдалану тақырыптары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 21 қыркүйекте Батыс Алтай қорығының Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Сурнина Ксения Викторовнамен және аға ғылыми қызметкер Премина Наталья Викторовнамен бірге қорық аумағына шығу жүзеге асырылды. Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін Ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлімінің кіші ғылыми қызметкеріне сертификат берілді.