Бұл кішкентай аңның 75-290 грамм аралығында салмағы бар;
денесінің ұзындығы 20-22 сантиметр . Шиқылдауықтың терісі сұр
және қызыл сарыдан қоңырқай түстестеріде кездеседі, құйрығы
болмайды ал құлақтары қысқа және жалпақ. Бұл кішкентай аң тас
қорымдарында және ағаш тамырларындағы індерде өмір сүреді.
Шиқылдауықтарды биіктігі 2700 метрге жететін таулардан және
ормандардан кездестіруге болады. Шындығында олар өте қорқақ,
кішкентай қауіп төнсе немесе қатты дауыс шықса барлығы қашып
тығылады. Бірақ 10-15 минут қозғалмай күтіп отырса, кішкентай
аңдар індерінен шығып өз жұыстарына кіріседі. Ал бұлардың
жұмыстары маңызсыз деуге келмейді. Түйеқұлақтар шынымен кәсіптік
түрде қысқа шөп әзірлеумен айналысады. Жаз мезгілінің ортасынан
бастап бұл кішкентай жануарлар әр түрлі шөптерді өткір
тістерімен қыйып, күнге жақсылап кептіру үшін күн көзіне жұқалап
жайып тасиды. Осылайша күні-бойы шөппен немесе шөпсіз шаршамай
жүгіреді. Шөп толық кепкен кезде ұзақ мерзімді сақтауға қояды;
үлкен тас-қорымдардың астына немесе ормандарда шырша, май
самырсын немесе үлкен балқарағай ағаштарының астына үйіп
жинайды. Бұл үйіліп жиналған шөптің биіктігі бір жарым метрге
дейін ал салмағы 80-100 килограмға жетуі мүмкін. Орманшылардың
айтуы бойынша шиқылдауықтар өмір сүретін бір километр квадрат
жерде шиқылдауықтар 10 тонна кепкен шөп жинаған. Әрине бұл
шөптің барлығын түйеқұлақтар жеп тауыспайды, жұп тұяқты аңдар
жасыл шөпті рахаттана азық етеді. Түйеқұлақтар күндіз түні
белсенді өмір кешеді. Олар қысқа ұйқыға кетпейді сондықтан қыста
жиналған шөті азық етеді. Шөп қоректілер түйеқұлақ дайындаған
шөпті тонаса, түйеқұлақтың өзіне де аңшылық ететін аңдар
жетерлік олар: бұлғын, қаракүзен, аққалақ, ақкіс, түлкі және
басқа да әлі жететін жыртқыш аңдар. Бұл кішкентай еңбекқор аң
Батыс-Алтай қорығында кеңінен таралған.
Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.