2022 жылғы 17 қыркүйекте «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Дүниежүзілік тазалық күні (WorldCleanUpDay 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясын өткізді, оған біздің еліміз 5-ші жыл қатысады. Қазақстанның «WorldCleanUpDay 2022» Дүниежүзілік акциясына қатысуы елді «жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізетін жаһандық әлемдік экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының азаматтарын, тазалау – бұл маңызды екенін есте сақтауға шақырамыз!