Велосипед тебу – дене шынықтыру жаттығуларының, белсенді
демалыстың ең қолжетімді, қарапайым және өте тиімді түрлерінің
бірі. Велосипедпен жүрген әрбір адам белгілі бір аумақпен толық
бірлікті сезіне алады. Велосипедтің көмегімен сіз аумақты жаяу
жүргендей көре аласыз, тек жаяу серуендеуден айырмашылығы,
велосипедпен жүру ұзақ қашықтыққа саяхаттауға, сәйкесінше
қызықты жерлерді көруге мүмкіндік береді.
Велосипедпен жүру жүрек-тамыр жүйесін жаттықтырады. Жедел қан
айналымы қанның жүрмей қалуына жол бермейді және варикозды
тамырлардың алдын-алуды қамтамасыз етеді. Тұрақты жүрудің
арқасында миокард инфарктісінің даму қаупі азаяды. Жүйке
жүйесіне жағымды әсер етеді - екі дөңгелекті көлікпен жүру
күнделікті алаңдаушылықтан алшақтатады, стресстік жағдайлармен
күресуге көмектеседі, көңіл-күйді және ұйқыны жақсартады. Бұл
салмақ тастаудың тиімді тәсілі.
«Обаның дөңгелеуі» бағыты бойынша велоэкскурсия Батыс Алтайдың
тайгалық табиғатының байлығы мен алуан түрлілігін аша отырып,
тау, су және орман ландшафттарымен, Қара Оба өзені аңғарының
табиғи нысандарымен танысуға және көруге мүмкіндік береді.
Велосипед бағытына бару үшін сіздің жеке велосипедіңіз болуы
керек. Велошерулер қорық қызметкерлерінің жетекшілігімен
жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша Риддер қаласы,
Семипалатинская көшесі 9 мекен-жайында орналасқан «Батыс-Алтай
мемлекеттік табиғи қорығы» РММ әкімшілігіне хабарласуыңызға
болады. Телефон 8 (72336) 77-287.
Материалды дайындаған және фото авторы экскурсоводы Матков Д.О.