Аққалақ -сусар тұқымдасына жататын ең кішкентай жыртқыш аң.
Дене тұрқы – 13,6 – 19,2 және құйрығы 1,8 – 3,7 сантиметрдей,
еркектерінің салмағы 43-100, ұрғашыларынікі – 25-52 г. Қысқы
жүні таза ақ. Жазда арқасының жүні қызғылт қоңыр немесе қара
бұрыл, бүйірі қоңырлау, бауыры ақ болады. Аққалақ немесе
аққұқұлақ ақкіске ұқсас, бірақ құйрығы қысқа және ұшы қара емес.
Денесі жіңішке және икемді болып келеді. Жүні жұмсақ, бірақ
қысқа болады .
Аққалақ Еуропада, солтүстік Африкада, Азияда, Солтүстік
Америкада кездеседі. Аққалақ Қазақстанның барлық обылысында
кездеседі. Әр түрлі қоныстарда мекендейді. Орман ішінде өзенмен
көл жағасында, сай – салаларда, тау құздарда кездеседі. Шөл және
шөлейт аудандарда кең тараған. Мойынқұм, Балқаш, Бетпақдала,
Қызылқұм аймақтарында құмды төбелерді қоныстанады. Қыстың аязды
күндері ауыл төңірегінен жиі көрінеді. Аққалақ көбінесе ақкіс аз
тараған жерлерде қоныстанады .
Аққалақ өте өсімтал. Ол жылдың барлық уақытында көбейеді. Үштен
тоғызға дейін күшік туады. Жылына бір рет түлейді. Аққалақтың
қорегі – тышқан тәрізді ұсақ кеміргіштер. Бір аққалақ күніне
15-тей тышқан ұстайды. Дала тышқандарын індеріне кіріп ұстап
алады. Шөлді аймақта негізінен құм тышқандарымен қоректенеді.
Баспана есебінде кеміргіштердің ескі індерін паналайды. Қыс
айларында тұрақты жатағы болмайды. Жемін іздеп үнемі бір жерден
екінші жерге қонысын ауыстырып отырады. Қысқа кейде азық
жинайды. Азықты аққалақ көбінесе түнде, ал жазда күндіз де
іздеуге шығып ұстайды. Аққалақ батыл және айлакер аң.
Аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.