Таулардың төменгі белдеуінде жаз басталды, қышабас, көкшіл көкшегүл, сарыандыз, лалагүл гүлдеп тұр,  аюбалдырған және  балдырған гүлдей бастады. Бақбақ, өгейшөп  тұқым себе бастады. Ал асуларда әлі көктем, күнгелді пен сарғалдақтың гүлдеуінің қызған кезі. Соңғы кездерде жаңбыр құйып, бірнеше рет бұршақ жауды, кей жерлерде қатты болды.

Аға ғылыми қызметкер Премина Н.В.