2022 жылдың 4 маусымында «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК
оқушылары және мектеп директоры С.Е. Иванова, оқытушы Н.П.
Абашкинамен, сондай-ақ шығармашылық шеберхананың жетекшісі И.В.
Бородкинамен бірге қорық аумағында «Ақ Оба» кордонының жанында
пленэрдік сабақ өткізді. Топқа жетекшілік еткен және жұмыстарын
бағалаған қорық инспекторлары болды.Қазылар алқасының төрағасы
болып кордонда вахталық қызмет атқарып жүрген инспектор
Кайгородов Андрей сайланды. Пленэр сабағының қорытындысы
көркемсурет мектебінің және шығармашылық шеберхана оқушыларының
23 шығармашылық жұмысы болды. Балалардың барлық ықыласпен
жасалған жұмыстары өте әдемі, ерекше шықты .
Барлығы – ересектер де, балалар да осы күннен керемет әсер
алды.
Балаларға күтпеген тосын сый болып – әрбір жас суретшіге қордан
сыйлық ретінде гуашь және қарындаш жинағы берілді. Пленэр
жетекшілеріне Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының
кәдесыйлық ыдыстары табыс етілді.