Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) - жапалақтар тұқымдасынан шыққан құс. Бұл түр бастың бүйір бөліктерінде орналасқан, кішкентай құлақ түрінде өте ұзын қауырсындардың болуымен ерекшеленеді. Құлақты жапалақтар бір типті қауырсын түсімен сипатталады.
Құлақты жапалақтар барлық дерлік континенттерде кездеседі, олар
жазық жерлерде де, таулы аймақтарда да, теңіз деңгейінен 2 мың
метрге дейінгі биіктікте де өмір сүре алады.
Тамақтану рационыныңнегізі тіршілік ету
ортасының жағдайына байланысты, сондықтан кейбір аймақтарда
жапалақтар негізінен кеміргіштермен, ал басқа аймақтарда әртүрлі
жәндіктер мен қоңыздармен қоректенеді.
Құлақты жапалақтарда 3 жұп қабақ болады: бір жұп құстың көзін
шаңнан және ұсақ жәндіктерден қорғайтын ұшу режиміне арналған,
екінші жұпты құс көзін жыпылықтатқан кезде пайдаланады, ал
үшінші жұп ұйықтауға арналған.
Құлақты жапалақтар сауысқандардың, құзғын қарғалардың ұяларын
басып, ұя салмауды жөн көреді. Сәйкес ұя табылмаса, аналық
жұмыртқасын шөп арасына оңай басады. Ұя қаншалықты ыңғайлы болса
да, жапалақтар өз ұрпақтарын өсіру үшін бір-ақ рет
пайдаланады.
Қызықты мәліметтер:
• Шын мәнінде жапалақ өз атауын алған қауырсындарын анықтаушы
«құлақтарының» қауырсындардың астында терең жасырылған нағыз
құлақтарға еш қатысы жоқ.
• Орташа алғанда, жапалақтар ұзақ өмір сүрмейді. Сонымен,
белгілі құлақты жапалақ небәрі 29 жыл 9 ай өмір сүрді.
• Құлақты жапалақ басын 270 градусқа бұрады.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Нұрахметова Ә.К.
дайындады.
Сурет ғаламтор желісінен алынды.