2022 жылдың 3 маусымында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Музыкадағы табиғат», «Мәнерлеп оқу», «2022 жыл құсы - бұлбұл», «Жатаған қызғалдақ», «Сілеусін» тақырыбындағы шығармашылық байқауларының жеңімпаздары анықталып, мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз.