Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алқа отырысы өтті. Оған облыстық территориялық инспекция, бағынысты мекемелер, сонымен қатар табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшылары және қоғамдық кеңес өкілдері қатысты. Жиын барысында былтырғы жылдың қорытындысы, проблемалық мәселелер мен ағымдағы жылға арналған жоспар талқыланды.

Мемлекет басшысының орман қоры жерлеріне 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасын іске асыру мақсатында 2022 жылы 166 мың га алқапқа 283 млн. ағаш отырғызылды.

СОнымен қатар Арал теңізінің құрғаған табанында 250 мың га алаңда фитоорманмелиоративтік жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 12 мың га жерге сексеуілдің 3,6 млн көшеті отырғызылды.

Мемлекеттік орман қоры аумағында 21 233 рейд жүргізіліп, заңсыз орман кесудің 241 жағдайы анықталды.

Былтыр 801 орман өрті оқиғасы орын алды, бұл көрсеткіш өткен жылғы деректермен салыстырғанда 50 жағдайға көп.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) қатысты: 2022 жылы киіктердің Орал популяциясын сақтау мақсатында «Бөкейорда» табиғи резерваты мен Ащыөзек табиғи қаумалы құрылды.

2022 жылы ұлттық парктерге келушілер саны 2 млн адам асты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25% -ға көп.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында бизнес процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде - «Көлсай көлдері» ұлттық паркі өз қаражаты есебінен «Көлсай» бақылау-өткізу пункті автоматтандырылды, сондай-ақ төлемдерді қабылдаудың интеграцияланған жүйесімен жаңа сайт әзірленді. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша осы тәсілді барлық ұлттық парктерге масштабтау мүмкіндігі қарастырылуда.

Жолбарысты жерсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2022 жылдың 5 қыркүйек күні ҚР Экология министрлігі мен РФ Экология министрлігі арасында жолбарысты реинтродукциялау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ол бойынша РФ ҚР жолбарысты 2025 жылы әкелу жоспарланған.

Жануарлар дүниесін қорғау Комитет қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киік санының өсуі байқалады.

Тұрақты негізде браконьерлікке қарсы шаралар қабылдануда. Мәселен, комитеттің аумақтық инспекциялары 2022 жылы 12 рейдтік іс-шара жүргізіп, 1009 құқық бұзушылықты анықтады.

Қорғау іс - шараларымен қатар сирек кездесетін құстарды өсіру және сақтау жұмыстары жалғасуда-Түркістан облысындағы жек дуадақ құсын өсіру орталығы 2022 жылы 8,9 мың жек дуадақты табиғи мекендеу ортасына жіберді.

Былтырғы жылы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру аясында 14 нормативтік құқықтық акт бекітілді. Өңірлерде осы Заң нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.