ЖЫРЛАСАҢ,ЖЫРЛА ЕЛБАСЫН.

30 ноября 2015

 

 

Жырласаң жырла Елбасын

Ақ тілегін халқым жолдасын

Егемен елдің Ерені

Жырланбай бүгін қалмасын

Көк туың көкте желбіреп

Көрген жан іштей елжіреп

Азаттықтың ақ таң

                Ата баба арманы

Жеріме мынау келді- деп

Қуанып халқым жатырсың

Ел басының тойына

От шашулар атылсын

Жаңа жолдар ,зауыттар

Тоқырауға қарамай

Елімде менің ашылсын

Ақсақалдар беріп батасын

Шашулар күнде шашылсын

Сара жолмен сүрінбей

100-нақы қадаммен

Қазағым кетіп барасың

Қай елден біздер кем болдық

Ұл елдермен тең болдық

Елу елдің кіріп ішіне

Талайды атқа өңгердік

Әр сөзге біздер мән бердік

Ядролық қарудан құтылып

Бейбіт өмірді жөн көрдік

Тыныштық қана тіледік

Бейбітшілікті ойлап жүдедік

Астана салып жаңадан

ОБСЕ-де еттік төрелік

Аман- сау болып атамыз

ЕКСПО-да оны көрелік

 

Нұрсұлтандай елбасы

Халқым оны қолдашы

1-ші Президент мейрамы

Ақ тілекті жолдашы

Қыран құсы халқымның

Қанатың талмай самғашы

Шет елдерді аралап

Өз еліңді даралап

Шыңдарға биік шығарсың

Шырайлы жолы шығыстың

Қайда екенін ұғарсың

Елі сүйген,елін сүйген

                      Елбасым

Елің сені қолдасын

Татулық болсын жолдасың

Азияның барысы

Орта жолда қалмасын

Тоқырау деп тарықпай

Жұмыс жасса жалықпай

Алға қадам баса бер

Барлығында барыптай

Денсаулық берсін құдайым

Алладан соны сұраймын

Террорист төнген заманда

Байтал түгіл бас қайғы

Жаман күндер кетеді

Тоқырауда өтеді

Сара жолдан таймасаң

Жақсы заман жетеді.

 

Табиғи кешендер мен объектерді қорғау

 бөлімінің бастығы  Шаяхмет Уалханов