РИДДЕР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРМАН ОЛИМПИАДАСЫ

 

15 апреля 2016

 

 

30 наурызда Біздің қаламызда «Парктер шеруі» атты табиғат қорғау акциясының алғашқы іс-шарасы өтті, ол – орман олимпиадасы. Қаламызда 2005 жылдан бастап өткізілетін орман олимпиадасының ұйымдастырушылары - Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Риддер қаласының әкімдігі, «Бумеранг» мәдени экологиялық бірлестігі. Демеушілік көмек көрсеткендер «Риддер орман шаруашылығы» КММ, Риддер қаласының әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімі және жеке кәсіпкер Антропов С.С. болды. Экологиялық сайысты өткізу үшін гимназия мектебі есіктерін қуана ашты, жарысқа  қаланың  мектептерінен  он топ қатысты.

Біз орманды алқапта тұрамыз, сондықтан да оқушылардың орман жайлы білімін көтеру өте маңызды. Жыл сайын өткізілетін орман олимпиадасы оқушылармен және олардың ұстаздарының сүйікті сайыстарына айналды. Дайындық кезеңінде барлық топтар келесідей орталықтарда дәріс алды: тарихи-өлкетану мұражайы, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, балалар кітапханасы және Н.В. Гоголь атындағы кітапхана. Олимпиадаға қатысушыларға өздерінің тапсырмалары мен сұрақтарын дайындағандар: Риддер және Пихтовкий орман шаруашылықтары, Алтай ботаникалық бағы, ҚазҒЗИ «Алтай»филиалы, «Бумеранг» МЭБ. Аталған мекемелер өз орталықтарын ұйымдастырып қатысушы топтарды сайыстардан өткізді.  Барлығы  9 орталық жұмыс жасады, әрқайсысында қатысушы топ 10 ұпай алу мүмкіндігі болды. Бұл жылы барлық топтар өте жақсы дайындалып, керемет нәтижелер көрсетті. Сайыстың ең қызығы үш топтың бірдей  88 ұпай жинағаны болды, олар: №1 Лицейі, №17 Орта мектебі және М.Горький атындағы толық емес орта мектебі. Бірақ әділқазылардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен 1-ші орын және ауыспалы орман кубогы М.Горький атындағы толық емес орта мектебіне табысталды. 2-ші орынға ие болғандар №1 Лицейі және №17 Орта мектебі, ал 3-ші орынды «Шаңырақ», Гимназия және №16 мектептері өзара бөлісті. Барлық мектептердің қорытынды нәтижелерінің айырмашылықтары 1-2 ұпайдан ғана болды, бұл сайыстың тартысты өткенін білдіреді. Қатысушылардың барлығына сыйлықтар берілді. 2016 жылғы «Парктер шеруі» атты табиғат қорғау акциясының бірінші үлкен қадамы осылай жасалды!

 

«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ

ЭАжТ бөлімінің маманы                        Мақаев А.Е