2025 жылғы 18-20 маусым аралығында «Биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғатты ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері. Өсімдіктерді интродукциялау» тақырыбында Алтай ботаникалық бағының құрылғанына 90 жыл толуына және қазіргі қызметкер, Қазақстанның жетекші ғалым- систематигі Юрий Андреевич Котуховтың 90 жыл толуына арналған халықаралық конференциясы өтті. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығынан аға ғылыми қызметкер Наталья Викторовна Премина «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ сібір қарағайының орман генетикалық резерватының қазіргі жай-күйі» тақырыбындағы баяндамасымен қатысып, «Үздік баяндама» номинациясында 3 орынды иеленді, сонымен қатар зертханашы Юлия Александорвна Маткова «Батыс- Алтай қорығының индикаторлық өсімдіктерінің фенологиялық даму деректерін талдау» атты мақаласымен қатысты.