«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері отырғызу материалын бөлген «Риддер орман шаруашылығы» КММ және «Пихта орман шаруашылығы» КММ қолдауымен Айдарханов көшесінің бойында ұйымшылдықпен кең ауқымды ағаш отырғызу іс шарасын өткізді.
Аталған шараға №3 мектебінің 8,9 сынып оқушылары, «Тірек -Опора» әлеуметтік қолдау ұйымы қатысып, барлығы 75 адам үлес қосты. Осы аякция аясында барлығы 200 түп Сібір шыршасы отырғызылды.
Ағаш отырғызу акциясының мақсаты - өлкенің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желекті молайту сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.














