Азаматтарға әрқайсымыз өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке үлес қоса алатынымызды еске саламыз. Өрттің алдын алу-қоғамдық іс және өрт қауіпсіздігінің қажетті ережелерін сақтау өте маңызды. Табиғатта демалыста жүрген барлық тұрғындарға мұқият және қырағы болуды ұсынамыз. Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз. Ормандағы тәртіптілік, саналы мінез-құлық және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтаудың кепілі болады. Бұл әрқайсымыздың мүддеміз үшін.