Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Риддер қаласының Айдарханов көшесінің бойында сібір шыршасын отырғызып, табиғи мұраны сақтауда маңызды рөл атқаратын шараға өз үлестерін қосты.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосып қана қоймай, азаматтардың туған өлкенің табиғаты үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет – әрбір азаматтың парызы. Осы орайда Батыс -Алтай қорығының ұжымы өңір тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және жасыл желекті көбейту ісіне белсенді түрде атсалысуға шақырады.


,