18 қыркүйекте Батыс-Алтай қорығының табиғат мұражайында әкімнің орынбасары Е. Ошакбаевтың, қалалық мәслихат депутаты Е. Канапьяновтың, Риддер қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Корытконың және әжелер кеңесінің төрағасы А. Эсенованың қорық ұжымымен кездесуі өтті. Талқылау тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы және Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту.