ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 17.07.2024 жылғы бұйрығымен Жомарткан Нурканович Мукашев «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының орынбасары болып тағайындалды. Жомарткан Нурканович өзінің орман шаруашылығындағы еңбек жолын 2004 жылы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де мемлекеттік инспектор болып бастады, содан кейін 2005 жылдан 2011 жылға дейін орман шебері болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2017 жылға дейін ШҚО ТРжТПРБ «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-де орманшы, бұдан әрі орман шебері лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін ШҚО ТРжТПРБ «Пихта орман шаруашылығы» КММ-де орман шебері болып жұмыс істеді, 2019 жылдан 2021 жылға дейін орманды қалпына келтіру бойынша бас инженер қызметін атқарды, 2021 жылдан 2024 жылға дейін директордың орынбасары болды. Батыс-Алтай қорығының директоры Орсаринов Кайрды Абуевич ұжымға директордың орынбасарын таныстырып, оған алдағы жұмысында табыс тіледі.