2024 жылдың 3 маусымында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Музыкадағы табиғат», «Мәнерлеп оқу», «2024 жыл құсы – маубас жапалақ», «Саранка лалагүлі», «Сібір елігі» тақырыбындағы шығармашылық байқауларының жеңімпаздары анықталып, мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз.