Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 орта мектебі» КММ 80 оқушымен және ұстаздардың қатысуымен дәріс өткізді. Дәріс «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы туралы жалпы мәлімет», «Қорық бағыттары», «Парктер шеруі - 2023», «Құстар үйі» акциясы сонымен қатар «Фототұзақтың көмегімен жануарлар дүниесін қорғау және зерттеу тәсілі» тақырыптарында болды.