Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратында 12 наурызда «Парктер шеруі- 2026» халықаралық экологиялық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі өтті.
Жиналғандарға қорықтың директоры Кайрды Абуевич құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Риддер қаласының тарихи өлкетану мұражайының, Жастар ресурс орталығы, Риддер колледжі, Орталық балалар кітапханасы, Орталық кітапхана, «Мой город Риддер» газетінің редакциясы, Риддер қаласы бойынша білім бөлімі, Алтай ботаникалық бағы, Риддер қ.ТҮ-КШ, ЖКжАЖБ, «Ветер странствий» интернет басылымы, «Ә.Н. Бөкейхан атын.КОШжАОМ ҒЗИ» ЖШС Алтай филиалының өкілдері қатысты.
Қатысушылар қорық қызметкерлерінің «Парктер шеруі 2025» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы бейне есебін тыңдап, бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Кеңес «Парктер шеруі 2026» жоспарын қарап шықты.
Қатысушылар белгіленген іс-шараларды егжей-тегжейлі талқылады, әрбір ұйымның мүмкіндіктері мен нақты үлесін ескерді, барлық жоспарланған жұмысты анағұрлым табысты орындау үшін өз ұсыныстарын енгізді. Барлығы нысаны мен мазмұны бойынша 59-дан астам түрлі іс-шаралар көзделген.
«Парктер шеруі» акциясы шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың әралуандығы жергілікті халықтың көп санын қамтуға және іс жүзінде әртүрлі маңызды экологиялық іс-қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.
Бұл көзделген барлық іс-шаралар толық көлемде орындалатынын білдіреді. «Парктер шеруі» экологиялық акциясының барлық қатысушыларының іс-қимылы табиғи байлықтарды сақтаушы қорыққа да, біздің қаламызға да, біз өмір сүріп жатқан ортаға да лайықты септігін тигізеді.














