Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің инженері Е. Каверзова мен экскурсовод Д. Матков қорық инспекторларымен және өрт сөндіру күзетшілерімен бірге маршруттарды тазарту мен абаттандыруды жалғастырды. Ақпараттық стендтер, тақтайшалар, көрсеткіштер орнатылды. Соқпақтарда барлығы 20 жаңа аншлаг орнатылды. Біздің қорыққа келушілерге ыңғайлы болу және оларды экологиялық тұрғыдан тәрбиелеу міндеттерін орындау үшін көп жұмыс жасалды.