10 қазанда Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкерлері Ә.Н. Бөкейхан атындағы “ҚазОШАҒЗИ” ЖШС Алтай фиоиалы қызметкелерімен бірлесіп қорық аумағына далалық іс сапар өткізді. Сапар мақсаты “Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ормандарының орман-патологиялық және санитарлық жағдайы” тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізу үшін сынамалық алаңдарды белгілеу. Діңдердің диаметрін өлшеу, ағаштардың өміршеңдігін талдау үшін өзектерді алу және ағаштың ішкі жағдайын диагностикалау, сондай-ақ екпелердің санитарлық жағдайын визуалды бағалау жұмыстары жүргізілді.