Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Бутакова ауылының негізгі орта мектебі» КММ оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ экологиялық ағарту маманы Слабодчикова Е.Д. жан- жақты дәріс өткізді.
Дәріс барысында:
- Батыс -Алтай қорығы туралы жалпы мәліметтер;
- Қорық аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі;
- «Таза Қазақстан», «Парктер шеруі 2026» акциясы туралы айтылып, ақпараттар берілді.
Оқушыларға табиғат қорғау мен сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы жауапкершілік туралы өзара пікір алмасу болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойды.
Табиғатты аялау – жас ұрпақтан басталады.














