«Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында мектептерде дәрістер өткізу жалғасуда.
Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Риддер қаласының №3 орта мектебінің оқушыларына «Парктер шеруі» акциясы аясында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға қорық туралы жалпы ақпарат, қорықтың биоалуантүрлілігі, акция аясында өткізіліп жатқан байқаулар туралы жан- жақты мәлімет берілді.
Экологиялық білім -болашаққа деген қамқорлық.














