2023 жылдың 6 сәуірінде «Парктер шеруі - 2023» табиғатты қорғау акциясы аясында Оқушылар үйінде «Біздің жасыл үй» экологиялық акциясы өтті. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысты. Балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, оның жеңімпазы «М.Горький атындағы негізгі орта мектебі» КММ командасы болды. Оқушыларға мадақтама қағаздары, естелік сыйлықтар және тақырыптық буклеттер табыс етілді.