2023 жылдың 3 мамырында жыл сайынғы «Парктер шеруі» атты табиғатты қорғау акциясы және Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы бастамашысы болып табылатын «Мекенім жасыл орманым» іс-шараларын орындау шеңберінде, «Риддер колледжі» КМҚК қолдауымен «№ 11 жалпы білім беретін мектебі» КММ көгалдандыру бойынша отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Оқытушы Абылкалыков Кудайберген Какеновичтің жетекшілігімен Л – 21 тобының «Орман шаруашылығы, бау-бақша-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығының студенттері «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің аумағына көгалдандыру және  толықтыру жұмыстары жүргізілді.