Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясының және Казавиаорманқорғау қызметкерлерімен бірге тікұшақпен
табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік
іс-шаралар жүргізді.Рейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.