«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұжымы Сіздерді мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды.
Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз – тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан.
Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба – біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады.
Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын дейміз.
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!