Көктем келгеннен кейін Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері қорық аумағына тұрақты түрде барып, фенологиялық, метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулар жүргізеді және инспекторлық құраммен кордондарда бақылау жүргізудің дұрыстығын тексереді.
Автоматты метеостанциядан және гидробекеттен деректер алынады. Жеке ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Таулардың төменгі белдеуінде көктем басталды, алғашқы гүлдердің жаппай гүлденуі байқалады. Ортаңғы және үстіңгі белдеулерде әлі қар жатыр, қары еріген ойдымды жерлер енді пайда болып, алғашқы өскіндер көрінеді. Жыл құстары ұшып келді. Тұяқтылардың көктемгі өтуі аяқталады.














