2023 жылдың 3 сәуірінде «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғат мұражайында «Құстар үйі» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Балалар барлығы 17 құс үйін жасады. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтама қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, қорықтың табиғат мұражайында балалар мен олардың ата-аналарына «Парктер шеруі 2023» табиғатты қорғау акциясы аясында өтетін шығармашылық байқаулар мен акциялар туралы айтылды.