«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ “Парктер шеруі 2022”
акциясы аясында 11 наурыз бен 3 сәуір аралығында онлайн-тестілеу
түрінде өткен Орман олимпиадасын ұйымдастырды. Алдын-ала
қорықтың сайтында Батыс-Алтай қорығы туралы дәріс жарияланды,
оны кез-келген адам оқып, ақпарат ала отырып дайындала алды.
Кейін онлайн-тестілеуге сілтемелер жарияланды. Орман
олимпиадасына барлығы 25 бала қатысты (негізінен 7-8 сынып
оқушылары). Қатысушылар тек біздің қаламыздан ғана емес,
Өскемен, Қостанай, Алматы қалаларынан да болды. Қатысушылардың
көпшілігі электронды түрде сертификаттарын алды. Риддерліктер –
Абакумова Полина, Перевалова Анна, Бердибеков Мерей, Серікбеков
Дамир, Бекарыс Бекқазы, Жаравина Кристина, Томанова Сабина,
Болотова Нина, Огнева Лейла, Дроздова Вероника үздік нәтижелер
көрсетті. Жеңімпаздарды 6 сәуірде сағат 15:00-де Батыс-Алтай
қорығының табиғат мұражайына Орман олимпиадасында жоғарғы нәтиже
көрсеткендері үшін марапаттауға шақырамыз.















