Западно-Алтайский государственный природный заповедник

2022 жылдың 3 маусымында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи
қорығында «Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясы аясында
ұйымдастырылған «Музыкадағы табиғат», «Мәнерлеп оқу», «2022 жыл
құсы – бұлбұл», «Жатаған қызғалдақ», «Сілеусін» тақырыбындағы
шығармашылық байқауларының жеңімпаздары анықталып, мақтау қағазы
мен сыйлықтар табысталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды
шын жүректен құттықтаймыз.